Алексей Цойдың қызметінен не себепті кеткені белгілі болды
Денсаулық сақтау министрлігі Алексей Цойдың лауазымынан не үшін босатылғанын түсіндірді. Экс-министр қызметінен өз еркімен кеткен, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.
Бүгін мемлекет басшысының жарлығымен Алексей Цой денсаулық сақтау министрі қызметінен босатылды. Ол министр лауазымына 2020 жылдың маусым айында тағайындалған еді. Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі Цойдың өз еркімен жұмыстан кеткенін хабарлады.
- "Алексей Владимирович басқа жұмысқа ауысуына байланысты қызметінен өз еркімен босатылды" - деді министрлікте.
Денсаулық сақтау министрі міндетін кім атқаратыны әзірге белгісіз.