Сиви Махмуди 10 жыл отасқан күйеуімен ажырасып кетті

Oinet.kz 20-12-2021 4184

Әнші Сиви Махмуди он жыл отасқан күйеуімен ажырасты. Ол экс-күйеуінен бөлек тұрып жатқанына бір жыл болып қалғанын айтты. Бұл туралы өнер иесі өзінің Instagram-дағы парақшасында жазды, деп хабарлайды Oinet.kz Экспересс К сайтына сілтеме жасап.

Screenshot_2.jpg

Шоу-бизнес өкілі бұл жағдайда ешкімді кінәламайтынын айтып, оған кешіріммен қарағанын алға тартты.

"Күндер зулап, айлар алмасып, жылдар жалғасып жатыр. Екі бөлек кеткенімізге бір жыл болып қалды. Өнерімдегі жаңалықтарды бақылап жүрген жұрт, жеке өмірімде не болып жатқанын қайдан сезсін? Отбасымды қорғағым келді. Он жыл бойы ата-анамның үмітін ақтау үшін, балаларым үшін барымды салдым. Ешкімді кінәлай алмаймын. Бәрін кешірдім", — дейді Сиви Махмуди.

Сивидің экс-күйеуінің есімі — Аңсар Қажымұқанұлы. Ортақ некеден үш баласы бар. 

Алексей Цойдың қызметінен не себепті кеткені белгілі болды
Тағы бір қазақ қызы африкалыққа тұрмысқа шықты (видео)
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу