Қайым Мұхамедхан: «Өмірде бәріне шыдау керек»

Oinet.kz 10-11-2017 844

Ғалым-оқытушы, абайтанушы Қайым Мұхамедхановтың КарЛАГ-та қамауда жатқан кезде отбасына жазған хатынан:

«Балалар бір-бірімен жан жолдастай, бірін-бірі жақын көріп сыйлап, ақылдасып, көмектесіп тұратын болсын. Өзді-өзі тату-тəтті болсын. Ауыздарына жаман сөз алмасын! Тəртіпті, тəрбиелі болсын! Осыны өздеріңе оқып ұғыңдар. Мені шын жақсы көрсе, аман-есен қайтуға 25 тілектес болумен бірге осы айтқандарымды бұлжытпай орындасын! Саған көмектесіп, айтқаныңды істеп, сыйлап тіліңді алып тұрсын. Екі қайтара айтқызбайтын болсын! Осы айтылғандарды орындап жүрсе маған да жеңіл болады. Менің де көңілім көтеріліп жүдемей жүрем. Тағы да ең қатты айтатын нəрсе – ешкімге де бір ауыз өтірік айтудан, алдаудан аулақ болсын. Не болса да шынын сөйлейтін болсын.

Сүйікті балаларым! Сендердің маған қазіргі көрсеткен көмектерің осы болады. Сендерге менің борышым өте көп. Бірақ амал жоқ. Аман-сау көріселік! Өмірде бəрі де кездеседі. Шыдау керек. Жабырқап, жасымау керек. Адал жандармыз ғой, ақыры қайырлы болсын. Беттеріңнен сүйдім!»

Қайым. Теміртау. 16/II 1953 ж.

Халел Досмұхамедұлы. Құлағың сау болсын десең
Ахмет Байтұрсынұлы. Қазақ құстың қанша түрін білген?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу