Халел Досмұхамедұлы. Құлағың сау болсын десең
Құрметті оқырмандар!
Сайт оқырмандары үшін Алаш ардақтыларының бұған дейін жарияланбай келген немесе көп тарала қоймаған шығармаларын мейлінші жиірек ұсынсам деген ниеттемін. Оның барлығы «Алаштың әлдиі» деп атаған айдарға орналастырылады. Осы жолы халқымыздың руханияты жолында күрескен зиялы Халел Досмұхамедұлының бұдан бір ғасырға жуық уақыт бұрын жазылып, жарыққа шыққан «Оқушының саулығын сақтау» атты кітапшасымен танысып бастасақ деймін.
Оқулықта автордың көтерген әр тақырыбы өте өзекті. Біз мұндай мәліметтерді көп жағдайда орыс сайттарынан іздеп тауып, «Ә, осылай екен-ау» деп жүреміз…
Бұл бағытта ұсынатын шығармалардың барлығы да тек әкелер қауымы үшін емес, тұтас қоғам үшін пайдалы боларына сөзсіз сенемін.
Құлағың сау болсын десең…
1. Құлағыңа ұрғызба, айқайлатпа, шыңғыртпа, өзің де құлаққа ұрма, кұлаққа айқайлама, шыңғырма.
2. Қалам, қарындаш, тас-қалам, ине секілді өткір ұшты нәрселермен кұлағынның ішін шұқыма. Құлағыңа еш уақытта еш нәрсе тықпа. Мақтаны, әсіресе суланған, дәріленген мақтаны құлағыңа тығушы болма.
3. Құлағыңнын ішін, сыртын таза ұста. Сабынды сумен кұлағыңды абайлап жу. Жуынғаннан соң кұлағыңның суланған жерін әбден сүртіп құрғат.
4. Құлағыңның ішіне бір нәрсе кіре калса, өзің еш нәрсе істеме, тездетіп доқтырға көрін. Құлағыңның ішіне кұрт-құмырска секілді тірі макұлык кіре калса, доқтыр келгенше бірнеше тамшы жылы кендір майын немесе жылы сүт тамыз.
5. Бұлақ болса (құлағыңнан ірің акса) тезден доқтырға көрін. Құлақтан аққан іріңді пайдалы не залалсыз деп ойлама. Бұлак өте зиянды нәрсе.