Сағындым. Сағыну туралы өлең
Сағындым, сағындым ғой сені қатты,
Хабарласпай кеткенің жанға батты.
Көз алдымнан көрінбей кетсеңдағы,
Сөндірмедім жүректе жанған отты.
Сағындым, сағындым ғой сені қатты,
Сарғайып, сенсіз тағы бір күн батты.
Жұлдыздарын сөндіріп аспандағы,
Бозарып сенсіз тағы бір таң атты.
Сағындым, сағындым ғой сені қатты
Сағыныштың сезімі сені аңсатты.
Ораларсың бір күні, ораларсың
Жалықпастан күтемін мен сол сәтті.
Авторы: Рай Ханым.