САҒЫНАРСЫҢ. Сағыныш туралы өлең

Oinet.kz 08-09-2020 987

Күз мезгілі.jpg

Сағынып ап, шағынарсың,

Сенікіндей

мінезімде қырсық басым,

Кезіккенде,

Қаңтарылып қала бердім, сыр ұқпассың.

Жүрегіме жақын келіп, жақын келіп,

Аңдаусызда күліп тұрып біз сұққасын.

Сөйтіп тұрып,

Жалынарсың,

қайтпайтын күндеріңе,

Керегі не?!

қазбалама түндерімде.

Сезім құрғыр жаныма ынтыққасын,

Сағынбауда бақыт екен білгенімде.

Қимаймын,

сағынышым артық менің.

Сағынып ап,

Көкіректе уілдер жатық демім.

Жолықпағын,

Сағыныш боп қалайын өкінішсіз,

Алданбаған сезімге жалғыз сенім.

Мейлі деп ап,

Көңіл шіркін бүлкілдеп көмейімде,

Ішке сақтап кейпімді сөйлеймінде.

Айтып тастар артына қарайламай,

Қатып қалған кірбіңді жұлып алып,

Керегі не?!

ренішті ұстап алып,

Анау жатқан топыраққа көмейінде.

Деймін ғой,

Өтті бәрі.

Сағынарсың бұла күн қызықтарын,

Жарастырмай тастадық сызып бәрін.

Жазылмаған сырыңды күндер ұқсын,

Жаңылыспай ақтарыл татып дәмін.

Біліппіз бе?!

сол күннің қызықпасын,

Ойға алып күйін кешкен оралмастың.

Жыртып таста парағын күнделіктің,

Жалыққасын дұрысы ұмыт бәрін.

Лаура Қазбектің парақшасынан.

Сағындым. Сағыну туралы өлең
Күзгі мұң. Мұң, сағыныш туралы өлең
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу