Машат өзеніннен 2 жастағы сәбидің денесі табылды
Түркістан облысы Сайрам ауданы Машат ауылында бірнеше күн бұрын суға кеткен бүлдіршіннің денесі табылды. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

4 сәуір күні Машат өзенінде жүргізілген іздестіру-құтқару жұмыстары барысында 2024 жылы туған баланың денесі табылған. Алдын ала мәліметке сәйкес, сәби 31 наурыз күні абайсызда өзенге құлап кеткен.
Іздестіру жұмыстары бірнеше күн бойы жүргізіліп, баланың денесі оқиға орнынан шамамен 7 шақырым төмен жерден табылған. Құтқарушылар барлық қажетті қауіпсіздік шараларын қолданғанын атап өтті.
Мамандар ата-аналарды балаларды қараусыз қалдырмауға және су айдындарының маңында қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауға шақырады.


