Қазақстандағы ең сұлу қыз кімге тұрмысқа шыққаны белгілі болды
"Қазақ аруы-2024" байқауының жеңімпазы атанған Ақкербез Ысқаққызына сүйіктісі үйленуге ұсыныс жасады. Қуанышты жаңалықты блогер әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісті.

“Миллион рет иә! Шексіз бақыттымын”, – деп жазды ол.
Желі қолданушылары блогер мен оның сүйіктісін жарыса құттықтап, ізгі тілектерін жаудырып жатыр.
Айта кетейік, блогердің сүйіктісі – Әкежан Айтбеков есімді спортшы.
Еске салайық, Қызылорда облысының тумасы Ақкербез Ысқаққызы – "Қазақ аруы-2024" байқауының жеңімпазы. Оған тәж және арнайы шапан тағылды. Дауыс берушілердің 30,04%-ы Ақкербезге дауыс берген.


