Күзгі мұң. Мұң, сағыныш туралы өлең

Oinet.kz 08-09-2020 1180

Күз мезгілі.jpg

Соншалық не деп едім кешпейтіндей,

Таныса сап, "қош" дейтіндей?!

Жүрегіме өрт салып, қоя салар,

Өшпейтіндей?

Мұншалық азап берер кім едіңіз,

Жібімес жүрегіңіз?!

Ұнамас енді маған сіз айнытқан-

Реңі күз.

Қаншалық ауырғаным, білсеңіз ғой,

Жанымда жүрсеңіз ғой.

Көктеміме асығам, жан жауратқан-

Дүмше күз ғой.

Аңсадық махаббатты неше біздер,

Шаршадық, қаламыздан, көшемізден.

Таяқ жеп қалдым тағы махаббаттан,

Жерідім кеше күзден.

Күзгі сіз ауырттыңыз - қонбас құсым,

Махаббат болды мендік оңбас тұсым.

Сіз бенен күз жауратты, алда суық,

Келеді жолдас қысым.

...тоңдым.

Дәурен Айманбет

САҒЫНАРСЫҢ. Сағыныш туралы өлең
ҚАБЫЛДАР БОЛСАҢ МҰҢЫММЕН БІРГЕ ҚАБЫЛДА. (Мұң туралы өлең)
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу