Шымкентте дәрігерлер тамағына кәмпит тұрып қалған ер адамды құтқарып қалды

Oinet.kz 03-04-2026

Шымкент қаласында 65 жастағы ер адам кәмпитке қақалып, тынысы тарылып қалған. Кәмпит тыныс алу жолына түсіп, ірі бронхты толығымен бітеген.

image.png

Қалалық денсаулық сақтау басқармасы мәліметінше, ер адамның жағдайы санаулы секундтарда күрт нашарлап, оны жедел түрде №1 қалалық клиникалық ауруханаға жеткізген.

Дәрігерлер шұғыл түрде арнайы жабдықтың көмегімен кәмпитті тыныс алу жолынан алып шықты.

 "Бөгде затты сәтті шығарып, пациенттің тынысын қалпына келтірдік. Сәл кешіккенде жағдай қайғылы аяқталуы мүмкін еді", – деп хабарлады ведомство.

Осыдан кейін ер адамның жағдайы тұрақталып, ол қажетті емді алып ауруханадан шығарылды.

Түркістан облысында үшінші бауыр ауыстырылды
Айдарға кіру
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу