Түркістан облысында үшінші бауыр ауыстырылды

Oinet.kz 01-04-2026

Түркістан облыстық клиникалық ауруханасында А.Н. Сызғанов атындағы Ұлттық ғылыми хирургия орталығы басқарма төрағасы, профессор, академик Болатбек Баймахановтың жетекшілігімен және орталықтың жоғары білікті мамандарының қатысуымен үшінші рет бауыр трансплантациясы сәтті орындалды. 

Screenshot_3.png

Бауыр трансплантациясы – хирургия саласындағы ең күрделі және жоғары дәлдікті талап ететін операциялардың бірі. 41 жастағы науқасқа бауыр циррозы, портальды гипертензия, өңеш веналарының варикоздық кеңеюі (1-дәрежесі), спленомегалия, екіншілік цитопения, қалқанша безінің диффузды токсикалық зобы диагнозы қойылған. Ол шамамен жарты жыл бойы ауырып, стационарлық ем қабылдаған. Ауру портальды гипертензия, асцит, спленомегалия сияқты асқынулармен жүрген. Жүргізілген емге қарамастан, жағдайының нашарлауына байланысты бауыр трансплантациясы өмірін сақтап қалудың жалғыз тиімді жолы ретінде қарастырылды.

Науқастың 20 жастағы туған қарындасы өз еркімен донор болуға келісім беріп, толық медициналық тексеруден өтті. Қарсы көрсетілімдер анықталған жоқ.

Отаны А.Н. Сызғанов атындағы Ұлттық ғылыми хирургия орталығы мен Түркістан облыстық клиникалық ауруханасының мамандарынан құралған бірлескен команда жасады. Қазіргі таңда пациент дәрігерлердің динамикалық бақылауында. Отадан кейінгі кезең асқынусыз өтуде, трансплантацияланған бауырдың қызметі біртіндеп тұрақтануда.

Облыстың білікті дәрігерлері күрделі медициналық оталардың сәтті жүзеге асырып келеді. Бұл – жергілікті медицина сапасының жаңа деңгейге көтерілгенін айқын дәлелі.

Түркістан облысында үш жыл бұрын салынған мектеп құлауға шақ тұр
Айдарға кіру
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу