Статистика: Түркістандықтар ең төменгі жалақы алады

Oinet.kz 03-04-2026

Қазақстанның Ұлттық статистика бюросы елдегі жалақы деңгейіне қатысты жаңа деректерді жариялады, деп жазады Оinet.kz.

image.png

2025 жылдың IV тоқсанында Қазақстандағы орташа айлық номиналды жалақы (шағын кәсіпкерлік субъектілерін есептемегенде) 473 158 теңгені құрады. Бұл алдыңғы тоқсанмен салыстырғанда 10,2 пайызға жоғары.

Өңірлер бойынша көрсеткіштер

Ең жоғары орташа жалақы:

Астана – 659 610 теңге

Маңғыстау облысы – 658 762 теңге

Ұлытау облысы – 648 620 теңге

Ірі қалаларда:

Алматы – 601 126 теңге

Шымкент – 364 034 теңге

Ең төмен көрсеткіштер:

Жетісу облысы – 349 593 теңге

Жамбыл облысы – 335 794 теңге

Түркістан облысы – 324 229 теңге

Бюро мәліметінше, жалақының өсуі жыл соңындағы сыйақылар мен қосымша төлемдердің артуымен байланысты.

2025 жылдың IV тоқсанында медианалық жалақы 339 912 теңгені құрады. Бұл – елдегі жалақының “ортаңғы” деңгейін көрсететін маңызды индикатор.

Айта кетейік, III тоқсанда:

- орташа жалақы – 429 368 теңге

- медианалық жалақы – 302 584 теңге болған.

Трамп Иранға шабуыл жасайтынын 40 жыл бұрын айтқан
Айдарға кіру
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу