Қазақстанда балалар мен жасөспірімдерге әлеуметтік желілерге кіруге тыйым салуы мүмкін

Oinet.kz 03-04-2026

Қазақстанның Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі  Жаслан Мәдиев Сенат кулуарында балалар мен жасөспірімдердің әлеуметтік желілерге тіркелуін шектеу мәселесіне қатысты пікір білдірді, деп жазады Оinet.kz.

image.png

Министрдің айтуынша, бұл мәселе қоғамда белсенді талқыланып жатыр, алайда нақты шешім әлі қабылданбаған. Қазіргі таңда ұсыныстар жан-жақты сараланып жатыр.

Жаслан Мәдиев халықаралық тәжірибеге де тоқталды. Оның сөзінше, кейбір елдерде мұндай шектеулер қарастырылып немесе енгізіліп жатыр. Мәселен, Австралия белгілі бір шектеулерді енгізген, ал Францияда 16 жасқа дейінгі балаларға әлеуметтік желілерді шектеу мәселесі талқылануда.

Сонымен қатар министр қазіргі таңда ата-аналар үшін қолжетімді құралдар бар екенін атап өтті. Атап айтқанда, смартфондарда «ата-аналық бақылау» функциясы орнатылған, сол арқылы балалардың интернеттегі белсенділігін шектеуге болады.

Айта кетейік, бұған дейін Аида Балаева балалардың әлеуметтік желілерге қолжетімділігін шектеуге қатысты заңнамалық түзетулер дайындалып жатқанын мәлімдеген. Сондай-ақ депутат Ерлан Саиров кәмелетке толмағандардың әлеуметтік желілерді пайдалануын заң деңгейінде шектеуді ұсынған.

«Әйелі суық қарайды»: Трамп Макронды мазақ етті
Айдарға кіру
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу