Жанымыз - күз, секілді жырақ көктем. Күз туралы өлең
Жанымыз - күз, секілді жырақ көктем,
Сынақтарға жүрек те шыдапты еппен.
Аспан бәлки жанары сұлулардың,
Жаңбырменен көз жасы құлап кеткен.
Сенің көзің мөп-мөлдір бұлақ па енді,
Неге жаным жүрегің жылап келді?
Айды көрсем сен бе деп қалам ылғи,
Маңдайына қойылған сұрақ белгі.
Менің бәсім биік қой ережеден,
Сенің бәсің биік қой дәрежеден.
Бумен жазып кеткен ем мен бір өлең,
Оқып таста мен жоқта терезеден.
Оңашада айтылмай таңғы лебіз,
Қан қайнатып, тағы бір жанды жеңіз.
Көп күткенге ұқсамай осы біздің,
Көп нүктемен бітті ме әңгімеміз?..
Табигат Абаилдаев
25. 09. 2020ж.