Министр бір үйде тұратын екі-үш отбасының табысы қалай есептелетінін айтты

Oinet.kz 19-03-2019 1067

mienin-otbasym-u-iymdastyrylg-an-ok-u-is-riekieti_1.jpeg

Атаулы әлеуметтік көмекті тағайындаған кезде, бір үйде тұратын бірнеше отбасының жиынтық табысы бөлек емес, бірге есептеледі. Бұл туралы бүгін еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаев айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

"Мен Атырау облысының он екі елді мекенінде 1200-ден астам адаммен кездестім. Жергілікті тұрғындар ең көп қойған сұрақ отбасының табысын есептеуге қатысты болды. Халқымыздың салт-дәстүрі бойынша, ауылды жерлерде бір үйде бірнеше үйленген отбасы тұрып жатыр. Үйленген екі-үш ағайынды бір шаңырақ астында тұрады. Отбасының табысын есептеген кезде, олардың жиынтық табысы бірге есептеледі екен. Әр отбасының жиынтық табысын неге бөлек есептемеске деген ұсыныс бар", - деді сенатор Сәрсенбай Еңсегенов сенатта өткен үкімет сағатында.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаев қазіргі заң бойынша барлығының табысы есептелетінін атап өтті.

"Егер бір үйде үш-төрт отбасы тұратын болса, олардың барлығының табысы есептеледі", - деп қысқа қайырды министр.

Сингапур коррупцияны қалай жеңді?
Қазақстан дағдарысқа төтеп бере білді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу