Кентауда кемшілік көп
12-04-2023
Облыс әкiмдiгiнiң жұмысшы топтары апта басында Кентау қаласында болды. Ал, облыс әкiмi Асқар Мырзахметов бастаған топ Хантағы ауылы тұрғындарымен кездестi.
Көпiр салуға биыл кентаулықтар айрықша көңiл бөлген екен. “Жол картасы” бойынша шағын өзендерiнiң бойынан Хантағы ауылында 4 көпiр салынған. Оның 2-еуi жаңадан салынған. Ауыл әкiмiнің айтуынша осы екi көпiр салуға бөлiнген қаражат үнемделiп, қосымша тағы да екi көпiрдi жөндеуге қол жеткiзiлген. Бұған ұзақ жылдар бойы өзеннен өтудің қиындығын көрiп келе жатқан жұрт қуанулы, сондай-ақ олар әлеуметтiк мұқтаждарының соңғы уақытта орындала бастағанына риза. Дегенмен, Кентауда проблема жетерлік. Әсіресе, көпшілікті мазалап жүрген екі мәселе жұмысшы топ басшыларына жиі айтылды. Оның бірі – ауыз су болса, екiншiсi – жайылымдық жердiң жетiспеуi. Хантағында ауыз су мәселесi 2010 жылғы “Жол картасы” бағдарламасы негiзiнде шешу көзделіп отыр Ал жайылым мәселесiне байланысты ауыл адамдары мен Қаратау мемлекеттiк қорығы арасында түсініспеушілік бар. Тұрғындар оны облыс басшысына жеткізді. Асқар Исабекұлы бұл мәселені бiрiншi рет естiп тұрғанын, оны дұрыс шешу үшiн арнайы комиссия құру қажеттiгiн айтты.
Ортақ тіл табыса алмағандықтан туындаған дау “Оңтүстiктүстiметалл ӨК” АҚ-ы бағдар ауыстырғыш зауыты мен жергілікті тұрғындар арасында да бар екен. Жел тұрса өндiрiс қалдықтарының тозаңы Кентау қаласын басып қалады. Ауру-сырқаудың көбеюінің бір себебі де осы ауаның ластығынан. Адамға ғана емес төрт түлік малға да залалы көп. Тұрғындар өздерiнiң уланып өлген малдарының өтемақысын әлi күнге өндiре алмай жүргендерiн қынжыла айтты. Бұл мәселе де тиiстi мамандардан құрылған комиссия арқылы шешілмек. Комиссия он күн iшiнде облыс әкiмiне нақты ұсыныспен шығуы тиiс. Облыс әкiмi “Кентау энерго” ЖШС-нiң жұмысымен танысты. Қаланы жылумен қамтамасыз ету мақсатында биыл облыстық бюджеттен 350 миллион теңге бөлiнген.
Іссапар қорытындысы ретінде өткізілген Кентау қаласының активiнде Байылдыр елдi мекенiн аралап қайтқан топ жетекшiсi, облыс әкімінің орынбасары Уәлихан Қайназаров шағын ғана ауылда балабақшаның бар екенiне, клуб үйiнiң жұмыс iстеп жатқанына ризалығын бiлдiрдi. Ал көкейкестi мәселе ретiнде осы ауылдағы мектеп үйiн жаңартудың қажет екендiгiн атап өттi. Кентау қалалық неврологиялық диспансер ғимаратын да басқа жерге көшiрудi ұсынды. Ащысай елдi мекенiнде мал жайылымы тар. Облыстық бiлiм басқармасының бастығы Балхия Көмекбаева «Кентау-Қарнақ” бағытындағы Жарбасқан көпiрiнiң сапасы төмен екенiн айтты. Көпірді жөндеуге “Геосервис” ЖШС “Жол картасы” бағдарламасы бойынша 10 миллионға жуық қаражат жұмсағанымен жол үстiне төсеген асфальт қазiрдiң өзiнде тесiлiп жатыр. Бұл нысан қабылданбағандықтан мердiгер кәсiпорынның жұмыс сапасына айрықша назар аударуы керек. Немесе берiлген қаржыны қайтартып алып, тендердi қайта өткiзу жөнінде ұсыныс жасалды.
-- «Жол картасы” бойынша атқарылып жатқан жұмыстарды көру, Елбасы тапсырмаларының жүзеге асырылуын қадағалау арқылы бiрiншiден, 2010 жылғы республикалық, облыстық бюджеттi бөлу кезiнде шалғайдағы ауылдар проблемаларының шетқақпай қалмауына мүмкiндiк жасайтын боламыз, -- дедi облыс әкiмi Асқар Мырзахметов активте айтқан қорытынды сөзiнде. - Бюджетке енгiзу үшiн бұл мәселенi шешудiң қаржы-сметалық жобаларын ауыл әкiмдерi осы бастан тапсырып қоюы керек. Өкiнiшке қарай, ауыл әкiмдерi арасында құжаттама жағын келiстiре алмай жатқандары аз емес. Ауыл адамдарының: “Неге бiз айтқан мәселе биылғы бюджетке енбей қалды?” деген өкпе-ренiшi осыдан туындап жатады. Сондықтан да мәселеге көз жеткiзу үшiн облыс басшыларының тiкелей елмен кездесiп жатуымыздың бiр себебi осы.
Облыс басшысының бұл игі бастамасы басқа аудандардағы секілді кентаулықтар тарапынан да қолдау тапты.