Үндістан ғарышқа адам тәрізді робот жібередіred-b2ce69/

Oinet.kz 29-07-2025 60

Үнді ғарыштық зерттеулер ұйымы (ISRO) ұшқышсыз үш миссияны жүзеге асыруды жоспарлап отыр, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі Deccan Herald басылымына сілтеме жасап. 

Screenshot_3.jpg

Оның ішінде Гаганьяан ұшырылымына дейін ғарышқа роботты сынақ жүйелеріне жіберу көзделді, деп хабарлайды Kazinform 

Бұл туралы ISRO ұйымының басшысы В Нараянан мәлімдеді. 

Ол Гаганяан миссиясын 2027 жылдың наурыз айына дейін іске қосу үшін бар күш-жігерін салып жатқанын айтты. 

– Ұшқышсыз үш миссияны жоспарладық. Біріншісі осы жылдың желтоқсан айында ұшырылады. Біз ғарышқа гуманоидты жібереміз. Ол Робот Вёммитра деп аталады. Егер миссия сәтті болса, 2027 жылы соңғы ұшырылымға дейін 2026 жылы тағы екі миссияны орындаймыз, - деді ол. 

Айта кетейік, Гаганьяан – Үндістан тарихындағы алғашқы ғарышқа ұшу бағдарламасы. 

Украинада бейбіт тұрғындар қаза тапты
Түркияда орман өртіне байланысты қамауға алынғандар саны 40-қа жақындады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу