«Қатерлі ісікке шалдыққан»: Трамп Байденнің сырқаты туралы хабардан кейін желіде жазба қалдырды

Oinet.kz 19-05-2025 103

Америка басшысы Дональд Трамп экс-президент Джо Байденнің сырқаты туралы хабарды естіп қатты уайымдағанын айтып, оның тезірек сауығып кетуін тіледі, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.

Screenshot_6.jpg

Бұл туралы ол Truth Social әлеуметтік желісінде жазды.

Трамп Байденге қолдау білдірді

"Мелания (АҚШ-тың бірінші ханымы – ред.) екеуміз Джо Байденнің медициналық диагнозы туралы естігенде қатты уайымдадық. Біз Джилге (АҚШ-тың бұрынғы бірінші ханымы – ред.) және бүкіл отбасына ең ыстық әрі шынайы тілектерімізді білдіреміз және Джоның тез сауығып кетуін тілейміз", - деді Трамп.

АҚШ-тың бұрынғы вице-президенті Камала Харрис те X әлеуметтік желісінде жазба қалдырды, онда ол күйеуі Дуг Эмхофпен бірге Байден мен оның отбасына қолдау білдірді.   

"Дуг екеуміз президент Байденнің қуық асты безінің қатерлі ісігіне шалдыққанын естігенде қатты қамықтық. Біз оны, доктор Байденді және оның бүкіл отбасын осы қиын кезеңде жүрегімізде және дұғамызда ұстаймыз. Джо - күрескер, мен оның бұл сынақты сол күш-жігердің арқасында жеңетінін білемін. Біз ол толық және жылдам сауығып кетеді деп үміттенеміз " - деп жазды Харрис.

Еске салайық, 82 жастағы Байденге қуық асты безі обыры диагнозы қойылған болатын. Бұл туралы оның кеңсесі жексенбі, 18 мамырда мәлімдеме таратты. Бұрынғы президент және оның отбасы дәрігерлермен емдеудің ықтимал нұсқаларын талқылап жатқаны хабарланған.   

Партия тарады
Айдарға кіру
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу