Партия тарады

Oinet.kz 14-05-2025 46

Солтүстік Иракта өткен XII съезде Күрдтердің жұмысшы партиясы (КЖП) қарулы күресті толығымен тоқтатып, ұйымның тарайтынын мәлімдеді.

Screenshot_7.jpg

Бұл шешім 1999 жылдан бері Имралы аралындағы түрмеде өмір бойы жазасын өтеп жатқан көшбасшысы Абдулла Оджаланның шақыруымен осы 12 мамырда қабылданды. 1984 жылы басталған қақтығыс Түркия, Ирак және Сирия шекаралас аймақтарына жайылып, 40 мыңнан астам адамның өмірін алып кеткен және аймақтағы ең ұзақ әрі қантөгісті қарулы кампаниялардың біріне айналған еді. Партия шешім шығармай тұрып 1 наурызда біржақты түрде атысты тоқтату туралы жарияланған. Бұл әрекетке ақпанда Оджалан тарапынан қолдаушыларға қаруларын тастап, ұйымды тарату жөніндегі үндеу себеп болды. «XII съезд КЖП-ның ұйымдық құрылымын тарату және қарулы күресті тоқтату туралы шешім қабылдады. Бұл шешімді іске асыруды Абдулла Оджалан тікелей бақылауға алады», – делінген съез қорытындысынан кейін. Енді партия тәуелсіз күрд мемлекеті құру идеясынан бас тартып, күрдтердің құқықтарын бейбіт және демократиялық жолмен қорғауға ниетті. Бұл ретте олар Оджалан әзірлеген «демократиялық конфедерализм» тұжырымдамасын алға тартпақ. 

Түркия билігі бұл оқиғаға ұстамдылықпен қарап, оны «Терроризмсіз Түркия құру жолындағы маңызды қадам» деп бағалады. Ал Теңдік пен демократия партиясы (DEM) күрдтердің құқықтарын Конституцияда бекітіп, Оджаланы босатуды жанжалдың түбегейлі шешілуіне жол ашатын маңызды шарттар екенін атап өтті. «Күрдістан жұмысшы партиясы халқымызға қарсы мойындамау, жою саясатын құртып, күрд мәселесін демократиялық жолмен шешуге болатын жағдайға алып келді, яғни өзінің тарихи миссиясын орындады», – делінген партияның мәлімдемесінде.

КЖП Түркияда, АҚШ пен Британияда және Еуропаның бірқатар елінде террористік ұйым деп танылған.

Су – қысым жасау құралы
Айдарға кіру
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу