Бейсенбі – Ресей мен Украина үшін қандай күн болады?

Oinet.kz 14-05-2025 44

Ресей Президенті Владимир Путин Украинамен тікелей келіссөздерді 15 мамырда Ыстамбұлда, ешқандай алдын ала шартсыз бастауға ұсыныс жасады. 

Screenshot_4.jpg

Ал Украина Президенті Владимир Зеленский кездесуге дайын екнін жеткізді.

Сонымен қатар, Украина ең алдымен атысты тоқтатуға қол жеткізуге тырысатынын мәлімдеді. «Ресейліктердің ақыры соғысты тоқтату туралы ойланғаны – жақсы белгі. Бұл дүниежүзіндегі барлық адам күтіп жүрген нәрсе еді. Кез келген соғысты шын мәнінде аяқтаудың алғашқы қадамы – бұл атысты тоқтату. Кісі өлтіруді бір күнге болса да жалғастырудың еш мәні жоқ. Украина кездесуге дайын», – деп жазды Владимир Путиннің тікелей келіссөздерді қайта бастау туралы ұсынысына қатысты өз пікірін білдірген Зеленский.

Ал АҚШ Президенті Дональд Трамп жақын арада Ресей-Украина қақтығысы қайта құру мен саудаға баса назар аударғысы келетін Американың делдалдығымен аяқталатынына үміт білдірді. «Бұл Ресей мен Украина үшін тамаша күн шығар! Осы бітпейтін «қанды қырғын» аяқталса, жүздеген мың адамның өмірі сақталып қалатыны туралы ойланыңыз. Мен мұның болуын қамтамасыз ету үшін екі жақпен де жұмысты жалғастырамын. АҚШ қалпына келтіру мен саудаға назар аударғысы келеді. Алда маңызды апта», – деп жазды Дональд Трамп Truth Social-да.   Америкалық көшбасшы атап өткендей, бұл кездесу еуропалық көшбасшылар мен АҚШ-тың тиісті түрде әрекет етуі үшін «мәміленің мүмкін болу-болмауын» және «істің қалай жүріп жатқанын» көрсете алады.

Түркия Президенті әкімшілігі жанындағы коммуникациялар басқармасы Түркия Президенті Режеп Тайып Ердоған Ресей басшысы Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлескенін хабарлады. Әңгіме барысында түрік-ресей қарым-қатынасының жай-күйі, сондай-ақ аймақтық және халықаралық мәселелер талқыланды. Түркия басшысы Ресей Президентінің Ыстамбұлда Ресей мен Украина арасындағы келіссөздерді қайта бастау бастамасын құптады. Ердоған Анкараның Ресей мен Украина арасындағы қақтығысты тұрақты шешуге бағытталған келіссөздерді ұйымдастыруға дайын екенін білдірді. Президент Ердоған бейбітшілікке қол жеткізу үшін мүмкіндіктер терезесі ашылғанын атап өтті. Оның айтуынша, жан-жақты бітімгерлік бейбіт келіссөздерге қажетті жағдай жасайды.

Кремль баспасөз қызметінің мәліметінше, әңгіме барысында Ресей президентінің 15 мамырдан бастап Ыстамбұлда тікелей Ресей-Украина келіссөздерін қайта бастау жөніндегі бастамасы егжей-тегжейлі талқыланған. «Режеп Тайып Ердоған бұл бастаманы толық қолдап, Ыстамбұлды келіссөз алаңы ретінде ұсынуға дайын екенін жеткізді. Түрік тарапы тұрақты бейбітшілікке қол жеткізуге бағытталған келіссөздерді ұйымдастыру мен өткізуге барынша қолдау көрсететін болады», – делінген хабарламада.

«Өзін өртеп жіберген»: Әйелдерге қатысты жаңа заң қабылданды
Медбике мамандығына сұраныс артады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу