Тек адал ас ішкен адам
06-11-2023
Қоғам белсендісі Мұхтар Тайжан Экономика министрлігін сынға алды. Оның айтуынша, халық тамақтың өзін несиеге алып жатыр. Бұл туралы ол Facebook парақшасында жазды деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.
"Қымбатшылық халықты әбден басып кетті. Адамдар тіпті тамақты сатып алу үшін кредит алып отыр. Ауылдағы дүкендер халыққа азық-түлікті қарызға беріп жатыр. Ал халық кедейшілікке және кредитке батып қалды.
Ешқандай экономикалық реформа жүріп жатқан жоқ. Экономика министрін ешкім көрген де жоқ, естіген де жоқ. Экономика министрі бізде бар ма өзі? Реформа кеңесі де жұмыс атқарып жатқан жоқ.
Уақыт өтіп барады, ал экономикалық реформа басталған да жоқ. Баяғы жартас сол жартас.
Экономикамен 20 жыл бойы айналысатын ескі кадрларын қуып шығып жаңа кадрларын жұмысқа тарту керек. Өз басым айтам, мені шақырса, мен нағыз экономикалық реформаны жүзеге асыру үшін барар ем. Бірақ қайдам, мен барсам нағыз реформа басталады ғой, ал оған олигархат қарсы" - деп жазды Мұхтар Тайжан.
Еске сала кетейік, биыл ҚР Ұлттық экономика министрі болып Әсер Ерғалиев тағайындалды. Әсет Ерғалиев – ең жас министр. Оның жасы 34-те. Бұған дейін Үкімет мүшелерінің арасында ең жасы 37 жастағы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин болды.