Шымкентте келіні қайын атасының атынан несие алып, қашып кеткен

Oinet.kz 21-07-2023 1571

Шымкентте келіні қайын атасының атына екі рет несие рәсімдеп, ақшаны өзі иемденіп алған, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Screenshot_5.jpg

Абай ауданының тұрғыны полицияға өз атына заңсыз несие рәсімделгені туралы арызбен жүгінді. Ер адамның айтуынша, ол кезекті төлем туралы хабарлама келген кезде несие туралы кездейсоқ білген. Полицейлер бұл жайтты ҚР ҚК-нің 190-бабы ("Алаяқтық") бойынша тіркеген.

Тәртіп сақшылары күдіктінің жеке басын анықтау үшін бірқатар жедел іс-шаралар жүргізгені айтылды.

"Жәбірленушіден, оның отбасы мүшелерінен және әріптестерінен сұрақ-жауап алынды. Смартфонын көбіне қайда және қашан қалдырғаны, жеке деректерін кімге жария еткені, сондай-ақ ақша аударымдары тексерілді. Нәтижесінде күдікті анықталды. Ол жергілікті тұрғынның келіні болып шықты. Өзінің қулық-сұмдығы туралы қайын атасының біліп қойғанын байқап, Түркістан облысындағы туыстарына қашып кеткен", - делінген хабарламада.

Полиция қызметкерлері оны мегаполиске жеткізді. Әйел күйеуінің әкесінің телефоны арқылы интернет-банкингті жасырын пайдаланғаны белгілі болды.

"Бірнеше ай ішінде әйел туысының атына жалпы сомасы 750 мың теңгеге тауар алу үшін 2 несие рәсімдеген. Оларды қолма-қол ақшаға айналдырып, қаражатты өз шотына аударып алған. Күдіктіге қатысты ешқайда кетпеу туралы қолхат түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды. Қазіргі уақытта соталды тергеу амалдары жүргізіліп жатыр, қорытындысы бойынша процессуалдық шешім қабылданады", – деді Абай аудандық полиция басқармасының анықтаушысы Серік Жантаев.

Көршісі баланың аузы мен қолдарын байлап, қорлаған: Желіде бейнежазба дау тудырды (видео)
Ақтөбеде балаларын қараусыз қалдырып апталап қыдырып кеткен әйел жазаланды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу