Нығматуллиннің құдасы не бүлдіріп жүр?

Oinet.kz 15-04-2021 3021

OINET.KZ - Тіркелмеген Демократиялық партияның жетекшісі Жанболат Мамай фейсбуктегі парақшасында билікте жүрген шенеуніктердің қоябасын ақтаруды, дәлірегі бизнестерін түгендеуді, қазынадан не ішіп, не жегендерін баяндауды жалғастырып келеді. Жуырда оның парақашасында «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек туралы фильм пайда болды.  

Screenshot_14.jpg

Фильмде Бауыржан Байбектің шетелде «Болашақ» бағдарламасы бойынша  музыкалық білім алғанымен еңбек жолының билікте өрілгені, уақтысында Президент әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары, Алматы қаласының әкімі қызметін атқарғаны, әкесінің Нұрсұлтан Назарбаевтың сыныптасы екендігі, Байбектің туыстарының иелігінде көптеген бизнес нысандарының бары айтылады. Мұны жаңалық деуге болмайтын шығар.  Үлкен лауазымдарды атқарған Бауыржан Байбектің осы уақытқа дейін етегіне намаз оқып жүрмегені онсыз да белгілі ғой. Бұған таңқалатын не бар? 

Дегенмен осы видеода назар аударарлық бір-екі мәселе бар. Жанболат Мамайдың мәлімдеуінше, Бауыржан Байбек 2016 жылы Алматы қаласының әкімі болып тұрған кезде Оңтүстік астанадағы автобус парктерін жаңадан құрылған «Green Bus Gompany» компаниясына  беріп жіберген. Алайда компания тек шығынмен жұмыс істеген сияқты.  2018  жылға дейінгі оның шығындары 14 миллиард теңгені құраған. Осы жылдары 250-ге жуық автобус есептен шығарылған. Кейінірек Шымкент сотының шешімімен компания банкрот деп жарияланады. Компанияның берешегі миллиардттаған теңгені құраған. Мамайдың сөзіне сенсек, осы қитұрқы тірліктің артында қос құда-  Мәжіліс төрағасы  Нұрлан Нығматулин мен ел арасында Делеу деген атпен белгілі миллионер Дінмұхамед Ыдырысов тұрған. 

Байбек пен Ыдырысов арасындағы бір тірліктің өзінен миллиондаған доллар пайда түскен көрінеді.   Делеудің иелігіндегі «Оптима» деген компания Қытайдан автобустар әкеледі. Әр автобустың құны кеден рәсімдерімен қосқанда 109 мың долларды құраған. Ал Алматы қаласының әкімдігі 200 автобустың әрқайсысын 164 мың доллардан сатып алған.

- Екіарадағы айырма 11 миллион долларды Байбек пен Ыдырысов әрине, қалталарына басқан,-дейді Ж.Мамай. Мұның қаншалықты рас, қаншалықты қауесет екендігін кім білсін. Біздің білетініміз мынау: 

«Green Bus» компаниясы Шымкенттің көлік саласына 2015 жылы кірді.  Бірден 200 автобус алып келді. Автобус болғанда да қандай дерсіз? Ұзындығы 10 метрге жетеді, жалпы сыйымдылығы 85 адамға лайықталған. Диспетчерлік бақылауды реттеу үшін GPS навигаторларымен және жолаушылар үшін тегін қызмет көрсететін WI-FI интернет желісімен қамтылған. Ең бастысы, көліктер бензинмен емес, табиғи газбен жүреді. Бұл экономикалық жағынан ғана емес, экологиялық жағынан да тиімді еді. «Green Bus» жергілікті тасымалдаушыларға «есіктен енген бойда төр менікінің» кебін кигізді. Жергілікті компаниялар сырылып шетке шыға бастады. Араларында банкротқа ұшырағандар да болды. Ал енді жеп отырған наннан айырылу кімге ұнайды дейсіз?! 2018 жылдың ақпанында аталған компанияның жөнсіз әрекеттеріне қатысты жергілікті кәсіпкерлер шағым айта бастады. Сол кезде тасымалдаушылар Шымкент қалалық әкімдігінің «Green Bus» компаниясына тым көп артықшылықтар беретінін баса айтқаны есте қалыпты. 

Алайда келешегі кемел деген «Green Bus» компаниясын былтыр қаңтарда Шымкент соты банкорт деп жариялады. Банкрот болудың себебі компанияның иелігінде ақша айналымының жоқтығымен байланыстырылды. Компанияның  берешегі 3,3 миллиард теңгені құрады. 

Қалай десеңіз де осы банкроттықтың артында ішіне көп сырды бүккен бір құпияның бары анық сияқты. 

Директор тағайындауды депутат шеше ме? Білім басқармасы Қожабаевтың қолжаулығы емес
​Жер дауына себепкер шенеуніктер жазаланудың орнына қызметі өсіп жатыр
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу