«Жыныс ауыстыру отасы тегін жасалады» - Алексей Цой
Қазіргі таңда қазақ жұртын дүр сілкіндіретін тақырыптың бірі жыныс ауыстыру. Алексей Цой басқаратын денсаулық сақтау министрлігінің жыныс ауыстыруға рұқсат беру туралы бұйрығы қабылданып қазақ жұртын шулатты.
Қазақстанның денсаулық сақтау министрлігі 2020 жылдың 25 қарашасында: “Гендерлік сәйкестілігі бұзылған адамдарды медициналық куәландыру және жынысын ауыстыру ережесін бекіту” туралы бұйрығы шықты.
Жыныс ауыстыру үшін адамның жасы 21-ден асуы керек, психикалық және мінез-құлық ауытқулары болмауы керек деген талап бар.
Жынысын ауыстырғысы келетін адамдарды медициналық куәландыру комиссиясының құрамына:
• Үш психиатр
• Уролог
• Гинеколог
• Терапевт
• Эндокринолог
• Психолог мамандары кіреді.
Діни тұрғыдан қарайтын болсақ, бұл харам болып есептеледі. Абдулла ибн Аббас (р.а): “Пайғамбарымыз (с.ғ.с) әйелге ұқсағысы келген еркектерге және еркектерге ұқсағысы келген әйелдерге лағынет айтты”,– деген.
Ең сорақысы медициналық сақтандыру қорына салық төлеген адамның жыныс ауыстыру отасы тегін болады.
Айта кетсек, ота жасалғаннан кейін адам баласының өмірі қысқарып, бар-жоғы 20 жыл өмір сүреді.
дереккөз: bugin.kz