Қызының жасауына шетелдік көлік берді (видео сілтемеде)
Айдана есімді қызын ұзатып жатқан қырғыз ағайындар, оның жасауына шетелдік көлік қосты, деп хабарлайды Oinet.kz. Бұл видео Айша Егенберді атты Facebook қолданушысының парақшасында жарияланды.
Мұны көрген желі қолданушыларының бір тарапы қыздың жасауына көлік қосуды құптамайтындарын айтып, оны құр ысырапшылдыққа балауда. Екінші тарап, бастысы жастар бақытты болсын деп ақ тілектерін жаудыруда.
- "Қазақша емес қой айтып жатқан ән, қазақтар емес ау! Еңбастысы бақытты болсын!", "Бар болса берсін. Онда тұрған ештеңе жоқ. Өз балаларына беріп жатыр ғой. Жастар бақытты болсын!", "Недеген есерлік. Қоғам ауруға шалдыққан. Осыны мақтанып неге желіге салады", "Індет өршіп тұрғанда осындай түкке тұрғысыз даңғазалықтар кімге керек?" , "Соңша байлық неге керек елде аш жұрген жұрт болса", "Алла осындай күнге жеткізсін. Шіркін мен де қыздарымды осылай ұзатсам ғой" - дейді желі қолданушылары.