«Құтты болсын Кобра» - Президент Тұрсынбаеваны марапаттады

Oinet.kz 15-12-2020 6256

Қазақстандық танымал айтыскер Айнұр Тұрсынбаева Тоқаевтың жарлығымен "Құрмет" орденімен марапатталды, деп хабарлайды Oinet.kz. Бұл туралы ол Instagram парақшасында жариялады. 

Тұрсынбаева мен Балғынбек Имашев.png

- Ал сүйінші..! Айналайын халқымнан еркелеткен... Айтыстың сахнасында 30 жыл жүрген еңбегім үшін бе, карантиндегі "жанкештілігім" үшін бе, жоқ қор ашып халықтың арасында жүргенім үшін бе, анығын білмедім, бірақ бүгін Президенттің жарлығымен маған "ҚҰРМЕТ" ордені беріліпті... Мен негізі атақ үшін арымды сатып әркімнің алдына барып көрмеген адаммын.. Жақында ғана Президентті "ХАЛЫҚ АЛҒЫСЫ" медалін алып бір марқайым қалып едім, орденнің аты орден ғой шіркін, қатты қуанып қалдым...Карантинге байланысты салтанатты жиынға жете алмай қалғаным болмаса бәрі жақсы..Сонымен құттықтауларыңызға болады.. Сіздер болмасаңыздар мен кім едім, әлбетте халықтың құрметі мен үшін қашанда биік..! Марапатталған барлық әріптестерімді құттықтаймын..! - деді Айнұр Тұрсынбаева. 

Айтыскердің марапатымен желі қолданушылары құттықтап, ақжарма тілектерін білдіруде. Құттықтаушылардың ішінде айтыскер-ақын Балғынбек Имашев та бар.

- "Құтты болсын, "Құрметті" Кобра ханым!", "Айнұр ханым сіз дара тұлғасыз ғой. Бірі де бірегейісіз. Сізге он Құрмет орденін берсе де аздық етер. Құтты болсын! Биік белестерден көріне беріңіз", "Құтты болсын әпке! Сіз лайықсыз, өзіңіз келгенде қатып кетер еді, жаңа естіп отырмыз", "Сіз осыған лайықты жансыз, жүрегі аппақ Айнұр апкем. Сізді сондай жаксы көрем", "Апай Марапатыңыз құтты болсын. сіз барлығына лайықтысыз", "Айнұр ханым марапатыңыз құтты болсын! Құрметке лайықты жансыз!", "Құтты болсын! Барлық марапатқа лайықсың" - дейді желі қолданушылары. 

Қызының жасауына шетелдік көлік берді (видео сілтемеде)
Танымал 6 әншіге есірткі тасығанын айтқан қыз сотталды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу