Мұхтар Әблязов 15 жылға сотталды
29-12-2020
Нұр-Сұлтан қалалық соты Гаухар Мұса есімді қызға шешім шығарды. Әншілерге есірткі тасығанын айтқан қыз 3 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды.
Бұған дейін журналист Гаухар Мұса сот отырысында Қайрат Нұртас, Арғын, Бейбіт Қорған, Қыдырәлі Болмановтарға есірткі тасығанын айтты, деп жазады Түркістан газеті.
Бастапқыда айыпталушының ісі"есірті тасымалдады" деген баппен қаралғанымен, "есірткі табуға көмектесті" деген бап бойынша шешім шығарылды. Прокурор 12 жылға соттауды сұрады. Судья қыздың бұрын сотталмағанын, жасын, басқа да жағдайларды ескерді.
- Сот Нұр-Сұлтан қаласы полиция департаментінің басшысы Мұса Гаухарға қатысты тергеу кезінде қылмыстық-процесуалдық заң өрескел бұзылғанына мән беруі керек. Қаулының екі түрі де Нұр-Сұлтан қаласының прокуроры мен мәдениет және спорт министрлігіне жіберілуі керек - деді судья Мекемтас.
Судья айыпталушы айтқан тұлғаларға қатысты тексеру толық жүргізілмегенін, тергеу кезінде заң бұзушылықтар болғанын атап өтті.
- Қайрат Нұртас, Argonya (Арғын Аусаров), Амантай Әбенов, Бейбіт Қорған, Дастан Оразбеков, Қыдырәлі Болман. Олар маған «тай» дәрісін қабылдап көруді ұсынды. 1-курста оқыдым. Шоу-бизнес өкілдерімен жұмыс істеп, журналист болдым. Маған бәрі таңсық болып көрінді. Мен оларға көмектесем деп жүріп өзім түрмеден бір-ақ шықтым, - деген еді Гаухар Мұса сот отырысында.
Ал әншілердің өкілдері журналист қызды танымайтындарын айтты.