Өз қызын зорлаған ер адам 20 жылға сотталды

Oinet.kz 11-12-2020 854

Түркістан облысында қызын зорлаған ер адам 20 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Oinet.kz полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Өз қызын зорлаған.png

Тергеудің мән-жайын Түркістан облысы полиция департаменті тергеу басқармасының бастығы полиция полковнигі Нұрмахан Жалғасов айтып берді.

- Мен де әкеммін және тергеуде бірінші жыл отырған жоқпын. Мен әртүрлі қылмыскерлерді көрдім. Бірақ мұндай қылмыстар көргенде жағамды ұстаймын. Себебі, осы жылдың басында Арыс аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғын арыз берген. Әйел өзінің үлкен қызының телефонында кездейсоқ күйеуінің хабарламаларын тапқанын айтты. Бұл мәтіндердің мазмұны әйелге күдік тудырыпты. Қызымен ашық сөйлескеннен кейін ол күйеуінің өз баласын зорлап жатқанын түсінген - деді Жалғасов.

Арыз бірден "зорлау" фактісі бойынша бірыңғай тізілімде тіркелді. Тергеушілер тергеуді бастады.

- Сотқа дейінгі тергеу барысында біз бұл отбасы есепке алынбағанын анықтадық. Отбасының әкесі Ресейде вахталық әдіспен, ал анасы Арыс қаласында жұмыс істеген. Бес баланы тәрбиелеп отырған, қарапайым отбасы. Ең үлкен қызы педофил әкенің құрбаны болды. Біз барлық тергеу әрекеттерін жүргіздік. Жәбірленушінің әкесі кінәсін мойындамады. Барлығын жоққа шығарды. Ол қызының бәрін ойдан шығарып отырғанын айтып әлек, - деп жалғастырды Жалғасов.

Дәлелдемелерді түйірлеп жинауға тура келді, сотқа дейінгі тергеп-тексеруге үш айдан астам уақыт кетті.

- Осы уақыт ішінде біз бірқатар сараптамаларды тағайындадық. Қыздың әкесінің кінәсінің дәлелдерін жинау үшін басқа да іс-шаралар өткізілді. Нәтижесінде алты томдық қылмыстық іс-қозғалды. Әр том 180 беттен тұрды. Осы жылдың жазында айыптау ісі сотқа жіберілді. Сот істі қарап, өз үкімін шығарды. Қыздың әкесі 20 жылға бас бостандығынан айырылды, - деді тергеу басқармасының бастығы.

Мемлекет басшысы тағы бір заңға қол қойды
Өскемен қаласының әкімдігі 4 миллион теңгеге қалам сатып алған (видео)
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу