Мемлекет басшысы тағы бір заңға қол қойды

Oinet.kz 11-12-2020 1423

Мемлекет басшысы зейнетақы жинақтарын алу кезінде жеке табыс салығын төлеуді кейінге қалдыру туралы түзету бойынша заңға қол қойды, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі Ақорда баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Тоқаев.png

"Мемлекет басшысы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) және "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды", - делінген хабарламада. 

Бұған дейін Парламент зейнетақы жинағының бір бөлігін алу кезінде ұсталатын жеке табыс салығының мерзімін кейінге қалдыру бойынша түзетулер енгізген болатын. 

Заң жобасы бойынша:

- Жеке тұлғаларға зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамаға сәйкес біржолғы зейнетақы төлемдерін пайдаланған кезде жеке табыс салығын төлеу мерзімін ұзарту құқығын беру, сондай-ақ оны есептеу, ұстап қалу және төлеу тәртібін айқындау;

-  пандемиядан зардап шеккен секторларда жұмыс істейтін шағын және орта бизнес субъектілеріне айналымнан бөлшек салық төлеу құқығын беру үшін бөлшек салықтың арнайы салық режимін енгізу;

- ағымдағы жылдың соңына дейін Үкімет белгілеген қызмет түрлерінің тізбесі бойынша экономиканың неғұрлым зардап шеккен салаларындағы микро-, шағын және орта бизнес субъектілеріне бюджетке төленуге жататын әлеуметтік салық сомасын есептелген әлеуметтік салық пен әлеуметтік аударымдар сомасының арасындағы айырма ретінде белгілеу құқығын беру;

- жеке тұлғалардың мүлкіне салынатын салық және жеке тұлғалардың жер салығы бір төлемге біріктіріледі, көппәтерлі үйлердің тұрғындары үшін жер салығын төлеу тоқтатылады;

- көлік салығын төлеу мерзімін ағымдағы жылдың 31 желтоқсанынан келесі жылдың 1 сәуіріне ауыстыру;

- Жеке тұлғаларға қызметтер мен тауарларды электронды түрде сататын шетелдік интернет-компаниялар қосылған құн салығын төлеуге міндетті болады ("Google салығы")


Соңғы тәулікте коронавирус жұқтырғандар саны артты
Өз қызын зорлаған ер адам 20 жылға сотталды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу