Танымал блогер әкесінің көлігін өртеп жіберді (видео)
Қазақстандық танымал блогер Дархан Жолшыбек әкесінің ескі көлігін өртеп жіберді. Блогер бұл видеоны өзінің Instagram парақшасында жариялады, деп хабарлайды Oinet.kz.
- Ия MERSEDES өртенді - дейді блогер әлеуметтік желіде.
Ал оның бұл әрекетіне желі қолданушылары қарсы пікірін білдіруде.
- "Біреу тоңып секіреді, Біреуі тойып секіреді деген осы екен", "Мыналардың бәрі қуып кеткенба", "Қайырымдылық жасамайсың ба одан да бауырым деген коменттер қайда", "Жақында ғана алынып еді ғой. Ол да ақша тұрады ғой. Неге бір мұқтаж жанға бермедіңіз оданда", "Қанағат жоқ деген осы ғой", "Ысырапқа тойып алғанша, соны жағдайы жоқ адамдарға бермейсізба. Хайп керек қазір бәріе сіздің подписчигіңізбін. Бірақ осы ісіңізді қолдамаймын" - дейді желі қолданушылары.
Ал, көпшіліктің пікіріне Дарханның өзі орынсыз сынға алмай, Youtube желісінен толықтай видеосын көруді сұрады.
- Братва тек артық әңгімесіз,YOUTUBE-қа кіріп толық видеосын көр,потом көресің өзің - деді блогер. П
Посмотреть эту публикацию в Instagram