Бекболат Қаржан: Қазіргі жастар - КСРО жастарына қарағанда сатқын, опасыз, эгоист
Қазіргі заман жастары кеңес кездегі жастарға қарағанда әлдеқайда сатқын әрі опасыз, эгоист. Кеңес кезіндегі жастар бауырмал, шығармашыл, ақжүрек болған. Шынайы қуана білген, шынайы мұңая білген. Желтоқсандық ағалармен отырғанда осы қасиетті талай көрдім. Олардың тап таза сол кезден қалған, осы күнге дейін бұзылмаған достықтарын да көрдім. Соған қарап, қазіргі жастарға осылай көзқарас пайда болды. Қазіргілер қас қағым сәтте бір бірін сатып кете береді. Бәрі емес, көпшілігі солай. Бұл шындық.
Неге бұлай болды, жік жігімен, заман желісімен айтып бере аласыздар ма, жақсыларым...
Бекболат Қаржанның әлеуметтік желідегі парақшасынан