Ақаев өмірдегі ең басты өкінішін айтты

Oinet.kz 13-05-2021 3327

Қырғызстанның бұрынғы президенті Асқар Ақаев ақпарат құралдарына берген сұхбатында  2005 жылы билікті Конституциялық жолмен бере алмағынана өкініш білдірді.

  Screenshot_16.jpg

-Қырғызстанның тұңғыш президенті ретінде менің бір нәрсеге қатты өкінемін. Егер менен кейінгі президент Конституция бойынша сайланса, мен оған билікті заңды түрде берген болар едім және оған өкінбес едім. Алайда үлкен істерді атқару қателіксіз болмайды. Мен де қателік жібердім. Бірақ жалпы айтқанда Қырғызстан үшін өте көп пайдалы істерді атқардым. Саяси авантюристер сайлауда мені жеңе алмайтынын білген соң жарты жыл бұрын төңкеріс жасап, билікті күшпен басып алды. Оның салдары бүгінге дейін жалғасып келе жатыр,-депті А.Ақаев. 

Ол сондай-ақ, «Асқар Ақаевтың туыстары да билікке келді», «Ақаев жеке басының, туыстарының мүддесін қорғады» деген қалыптасқан таным-түсініктің қате екендігін мәлім еткен. 

-Отбасым ешқашан мемлекеттік іске араласқан жоқ. Мен екі ағам бар. Біріншісі Болат Ақаев одақ кезінен бері партиялық, кәсіподақ салаларында еңбек еткен. Ол мен президент болғанға дейін де, мен отставкіге кеткеннен кейін де қызметін атқара берді. Одан кейінгі ағам совхозда еңбек еткен. Байқағандарыңыздай, екеуінің де қызметі жоғарылаған жоқ. Үлкен қызым Бермет Швейцарияда оқыды. Біріккен Ұлттар ұйымында жұмыс істеді. Үлкен ұлым Айдар Вашингтонда білім алған. Ол Қаржы министрлігінде кеңесшілік қызметті атқарды. Бірақ ресми лауазым алған жоқ. Менің отбасым билікке араласпады, керісінше, мемлекеттің іргетасын қалауға көмектесті,-депті тұңғыш презитдент. 

Асқар Ақаев 2005 жылы Қырғызстанда болған төңкерістен кейін Ресейге кеткен, қазір Мәскеуде тұрады. Сол 2005 жылдан бергі аралықта Қырғызстанда 5 президент ауысты. 

«Батька» өліп қалса... Лукашенко өзінің өліміне қатысты декрет шығарды
Жандарбек Бұлғақов: Қазақстанда бәрі керемет деген өтірік
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу