Жандарбек Бұлғақов: Қазақстанда бәрі керемет деген өтірік

Oinet.kz 13-05-2021 6083

Танымал айтыскер ақын Жандарбек Бұлғақов Қазақстанда халықтың әлеуметтік-тұрмыстық жағдайы өте қиын екенін мәлімдеді. Бұл туралы ол Нұрмахан Мұқанұлына берген сұхбатында айтты деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.

Screenshot_1.jpg

- Мемлекетте тұрғындарына қарап баға беріледі. Мемлекеті озып, адамы қалып кеткен мемлекет жоқ. Адамы байып, мемлекеті кедейленді деген жоқ. Үйдің жиһазына қарап, иесінің тұрмыстық жағдайын байқайсыз. Біздің елде шылқыған бай да, қара нанды көз жасына шылап жеп отырған кедей де бар. Біздің елде орта тап жоқ. Біздің ел бай мен кедейден құралған. Еліміз - автобусқа жол билетіне ақша әзер тапқан адамдар мен Лексус 570 мінген адамдардан құралған. Осы екі аралықта ғана өмір сүріп отырмыз. Мемлекет қуатты болу үшін ортаңғы тап көп болу керек. Мемлекетімізде бәрі керемет, бәрі дамып кетті деген таза өтірік. Бәрі жаман деген де өтірік. Құдай екі көз берген соң, жетістікті де, кемшілікті де қатар көру керек. Елімізде халыққа қызмет көрсету орталығында жетістіктер бар. Бірақ, быт-шыт болып құлдырап жатқан салалар, идеология, руханият бар. Халықтың тұрмысы нашар, - деді Жандарбек Бұлғақов. 

Еске сала кетейік, айтыскер ақын бұған дейін ант беру рәсімінде мыңқ-мыңқ еткен су жаңа Мәжіліс депутаттарын сынаған болатын.

Ақаев өмірдегі ең басты өкінішін айтты
Мәди Ахметов: Назарбаевқа ескерткіш қою керек деген пікірден айнымаймын
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу