Досым туған күн тойлауға қарсы

Oinet.kz 30-03-2019 1063

Соңғы кездері досым Еркінді танымай жүрмін. Мүлдем басқа адамға айналып кеткендей. Ашық-жарқын, әзілдесуді ұнататын ол қазір ешкіммен ашылып сөйлеспейтін болды. 

7abb7ec30469d2832875d7c2e54e077b.jpg

Үйіне барсаң бұрынғыдай құшақ жая қарсы алуды да қойды. Көрген жерде амандасып, саулығымды сұрап тұратын әйелі де үйіне барғанда сәлемдесіп басқа бөлмеге кіріп кетеді. Бұларды кейде ренжітіп алдым ба деп ойлап қоямын. Бірақ олардың көңілдеріне қаяу түсеретіндей ештеңе жасамаған секілді едім. Қаңтардың 24-і Еркіннің туған күні болатын. Жылдағы дәстүр бойынша туған күн иесінің үйіне достар жұбайларымызбен бірге құттықтап кіріп, кішігірім отырыс жасайтынбыз. Сол күні барлығымыз жиналып Еркіннің үйіне сый-сыяпатымызды арқалап келдік. Бірақ қуанышымыз су сепкендей басылды. Үйінде ешқандай мерекенің нышаны білінбейді. Бәріміз іштей тыныштық болғай деп тілеп тұрмыз. Досымыз қонақтарды төрге шығарып, қара су мен нанын беріп, туған күнін енді атап өтпейтінін, бұл «Құдайдың қалауына қарсы, тыйым салынған дүние, сендердің де тойламағандарың абзал» деп, бәрімізді таңқалдырды. Қалжың десе жанын беріп, әр мерекені достарының ортасында қарсы алатын Еркіннің мұншалықты өзгеріп кеткеніне сене алмадық. 

Сол сәтте оның ата-бабамыздан бері ұрпақтан ұрпаққа жалғасқан дәстүрлі дінімізден безініп, өзге ағымның жетегінде адасып жүргенін анық аңғардық. Құрдастарым содан бері адасып жүрген Еркіннің көзін ашуға тырысқанымен беті бері қарар емес. Бала күннен бергі сырласыма қалай көмектесерімді білмей шарадай басым шақшадай болды. Тек осының барлығы жақсылықпен аяқталса игі еді.

Қалихан Жұрманов,

Жамбыл облысы.

Әкім Ысқақтың балалық шағы
Ернар Айдар. Қайрат Нұртас. Ел екеуін неге көп салыстырады?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу