Мәжіліс орталық сайлау комиссиясының мүшесі Зәуреш Баймолдина өз еркімен қызметінен кетті
Мәжіліс Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Зәуреш Баймолдинаның өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатты. Бұл туралы мәжіліс спикері Нұрлан Нығматулин сұхбат берді, деп хабаралайды OINET.KZ сайтының тілшісі sputniknews.kz сайтына сілтеме жасап.
"Зәуреш Хамитқызы Баймолдина парламент мәжілісінің 2017 жылдың 20 желтоқсандағы қаулысымен Орталық сайлау комиссиясының мүшесі лауазымына тағайындалған болатын. ОСК мүшесі міндеттерін атқарудан босату туралы өз еркімен өтініш берген жағдайда, міндетін атқарудан босатылады. Бұл "Сайлау туралы" конституциялық заңда қарастырылған. Айтылғанды ескере отырып, Баймолдинаның Орталық сайлау комиссиясының мүшесі ретінде өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатуды ұсынамыз", - деді Нұрлан Нығматулин.
Мәжіліс спикері Нұрлан Нығматулин Баймолдинаға алғыс айтып, зор табыс тіледі. Депутаттар қаулы жобасын бірауыздан қолдап дауыс берді.
"Зәуреш Хамитқызын баршаңыз жақсы білесіздер. Мықты маман, білікті заңгер. Көп жылдар бойы мемлекеттік қызметте жауапты лауазымдарды үлкен абыроймен атқарды. Алдағы уақытта да зор табыс тілейміз", - деді ол.