10 баласы бар отбасылар да 73 мың теңгемен шектеледі
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов жеті және одан көп баласы бар отбасыларға ай сайын қанша теңге төленетінін нақтылады, деп хабарлайды OINET.KZ сайтының тілшісі sputniknews.kz сайтына сілтеме жасап.
"Бюджет мүмкіндігін ескеріп, әзірге жеті және одан көп баласы бар отбасылар үшін 73 мың теңгемен шектеліп отырмыз", - деді Біржан Нұрымбетов мәжіліс кулуарында.
Қазіргі таңда республикада 343 мың көпбалалы отбасы бар.
"Соның ішінде үш баласы барлар – 27%, 4 балалы отбасылар – 61%, бес баласы бар жанұялар – 9%, 7 және одан көп баласы барлар 3%-і құрап отыр. Сондықтан біз осыны және бюджеттік мүмкіндіктерді ескердік", - деп түсіндірді министр.
Егер ұсыныс парламенттен қолдау тауып, заң жобасы қабылданса, көпбалалы отбасыларға мемлекеттік жәрдемақы 2020 жылдың 1 қаңтарынан төленетінін жеткізді.
Мемлекеттік жәрдемақы кәмелетке толмаған төрт және одан көп немесе 23 жасқа дейінгі күндізгі бөлімде оқитын студенттері бар көпбалалы отбасыларға табысына қарамастан төленеді.