Дариға Назарбаева XVIII әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съезі туралы айтты
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съезін өткізу идеясының авторы болатын. Бүгін сол съездің XVIII отырысы болып жатыр, деп хабарлайды oinet.kz тілшісі baq.kz сайтына сілтеме жасап.
«Әлемдік және дәстүрлі діндер съезі жер бетіндегі бітімгершілік процесіне, адамдарды төзімділік пен сыйластық рухына тәрбиелеуге өлшеусіз үлес қосты деп санаймын. Съездің алғашқы декларациясының өзінде қатысушылар діни ерекшеліктерді өшпенділік пен алауыздық құралы ретінде пайдалануға жол бермеуге барынша күш салып, адамзатты діндер мен мәдениеттердің жаһандық қақтығысынан қорғауға дайын екендігі туралы, сондай-ақ төзімділік, шындық, әділдік пен сүйіспеншілік сияқты құндылықтарды кез келген уағыздың негізгі мақсаты ретінде ілгерілету жайлы мәлімдеген болатын», - деді Дариға Назарбаева.