Қошановтың Исмоиловтан не артықшылығы бар?
20-11-2024
Астанадағы Дариға Назарбаеваға қатысы бар делінетін "Думан" қонақүйінің иелерінен 1,3 млрд теңге өндірілді деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі Бас прокуратура ұсынған ақпаратқа сүйеніп.
“Қайтару шаралары Комиссияның барлық мүшелерімен және тартылған мемлекеттік органдармен қабылданады. Жоғарғы Сот бұрын негізсіз олигополия субъектілерінің пайдасына шығарылған шешімдерге Бас Прокурордың 24 наразылығын қанағаттандырды. Мысалы, Алматы ауыр машина жасау зауытының 31% акциясын жекешелендіруді заңсыз деп тану туралы сот шешімі қабылданды. Басқа жағдайда Жоғарғы Соттың қаулысы астаналық "Думан" қонақ үй кешенінің иелерінен 1,3 млрд теңге өндіріп алуға мүмкіндік берді”, – делінген хабарламада.
Бас прокуратурада Экономикалық ресурстардың заңсыз шоғырлануына қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның кезекті отырысы өткенін айта кетейік.
Сондай-ақ, заңсыз сатылған мемлекеттік мүлікті қайтару туралы ондаған талап-арыздар сот арқылы қанағаттандырылғаны айтылады. Олардың ішінде өндіріс орындары, базарлар, коммерциялық үй-жайлар, элиталық алаңдар және т.б. бар.
Осылайша, сот шешімімен Атыраудағы сұйытылған мұнай газын сақтау паркінің 50 пайыздық үлесі Атырау мұнай өңдеу зауытының меншігіне қайтарылған.
Экс-президенттің туыстарының дәулеті артқан: Қазақстанның ең бай адамдарының тізімі бір есіммен толықты
Белгілі журналист Нұрсұлтан Назарбаевтың әйелдері мен некесіз туған балалары туралы дерек жариялады
Дариға Назарбаева елордада Айсұлтан Рахатты еске алу турниріне қатысты
“Құқық қорғау органдары қылмыстық істер шеңберінде жалпы сомасы 620 млрд теңгеге активтерді қайтаруды қамтамасыз етті, оның ішінде шетелдік юрисдикциялардан 575 млн доллар. Басқа мемлекеттерге құқықтық көмек көрсету туралы 100-ден астам сұрау хат жолданды. Олар бойынша 100 млн АҚШ долларынан асатын мүлікке тыйым салынды. Қаржы министрлігі қаржы-өнеркәсіп топтарының (ҚӨТ) кәсіпорындарынан қосымша 100 млрд теңгеден астам салық өндіріп алды. Экология және табиғи ресурстар министрлігі ҚӨТ компанияларына 7 млрд теңгеге жуық айыппұл салды, ал БҚДА 4 млрд теңгеге санкциялар қолданды”, – деп қосты прокуратура.
Прокурорлардың шараларымен олигополия субъектілеріне бұрын негізсіз берілген немесе нысаналы мақсаты бойынша пайдаланылмайтын 460 мың гектардан астам жер қайтарылған.
“Сондай-ақ нарықтық бағасынан 4 есе төмен бағамен сатып алынған Алматының көтерме сауда нарығындағы үлесі, олигополия субъектілерінің меншігінде заңсыз болған Алматы әуежайының 17 коммерциялық үй-жайлары мемлекетке қайтарылды”, – делінген ақпаратта.
Шетелде мүлікті анықтау мақсатында шетелдік әріптестермен және халықаралық ұйымдармен өзара іс-қимылға ерекше назар аударылады.
“Ағымдағы жылдың сәуір айында Швейцарияда Қазақстанның Бас прокуратурасы мен Базель басқару институты арасында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды. Осы институттың құрамына кіретін Активтерді қайтару жөніндегі халықаралық орталығы (ICAR) – әлемдегі ең ірі орталықтардың бірі. Бұл бағыттағы жұмыс жалғасуда. Комиссия қызметі аясындағы шаралар кешені экономикалық ресурстар тар шеңбердегі тұлғалардың қолында шоғырлануды тоқтатқанға дейін және адал бәсекелестік пайда болғанға дейін қабылданатын болады”, – деп түйіндеді бас прокуратура.
Айта кетейік, аталған "Думан" қонақ үй кешені Қазақстанның экс-президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қызы – Дариға Назарбаева мен оның күйеуі Қайрат Шәріпбаевпен байланысты аталады.