Алматыда қала құрылысын жаңа басшы басқарады

Oinet.kz 18-09-2019 950

Алматыда Қала құрылысын бақылау басқармасына жаңа басшы тағайындалды

Сурет inform.kz сайтынан алынды

Алматы қала құрылысын бақылау басқармасының басшысы болып Бақытжан Наурызбеков тағайындалды, деп хабарлайды oinet.kz тілшісі inform.kz сайтына сілтеме жасап. 

Бақытжан Наурызбеков 1983 жылы 2 тамызда туған. 2005 жылы Алматы технологиялық университетін, 2008 жылы М. Тынышбаев атындағы Қазақ көлік және коммуникация академиясын, 2014 жылы Тұран университетін тәмамдаған. 

Еңбек жолын 2005 жылы Алматы қаласы Кәсіпкерлік және өнеркәсіп департаментінде қызмет көрсетуді дамыту бөлімінің маманы ретінде бастаған. 2005-2016 жылдары Кәсіпкерлік және өнеркәсіп департаменті сауданы дамыту бөлімінің бастығы, Бостандық ауданы әкімі аппаратының кәсіпкерлік пен өнеркәсіпті дамыту бөлімінің басшысы, Медеу ауданы әкімі аппаратының кәсіпкерлік пен өнеркәсіпті дамыту бөлімінің басшысы қызметтерін атқарған.

2016-2018 жылдары Медеу ауданы әкімінің орынбасары болды. 2018 жылдан жаңа тағайындауға дейін Алматы қаласы Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасының басшысы қызметін атқарды.

Дариға Назарбаева XVIII әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съезі туралы айтты
Спорт саласын дамытуға республикалық бюджеттен 51 млрд теңге бөлінеді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу