Спорт саласын дамытуға республикалық бюджеттен 51 млрд теңге бөлінеді

Oinet.kz 18-09-2019 1086

Картинки по запросу ақша миллиард

ҚР Премьер министрі Асқар Мамин 2020 жылы елімізде спорт саласын дамыту үшін 51 млрд теңге қаржы бөлмек, деп хабарлайды oinet.kz тілшісі baq.kz сайтына сілтеме жасап.

«Өздеріңіз жақсы білесіздер, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың стратегиялық бағытының арқасында Тәуелсіздік жылдары қазақстандық спортшыларды дайындаудың тиімді жүйесі құрылды. Алғаш рет 1994 жылы Норвегияның Лиллехаммер қаласында өткен Олимпиада ойындарына қатыса бастаған кезеңнен бері ұлттық құрама 71 медаль жеңіп алды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына арналған Жолдауында бұқаралық спортты дамыту міндетін қойды. Бүгінгі күні елімізде дене шынықтыру және спортпен 5 миллионға жуық адам айналысады», - деді Асқар Мамин.

Сондай-ақ, Асқар Мамин Қазақстанда былтырғы жылға қарағанда спортты дамытуға көп көңіл де, көп ақша да бөлінетінін атап өтті.  

«Биыл спортты дамытуға республикалық бюджеттен 31 миллиард теңге бөлінді. Келесі жылы 51 миллиард теңге жоспарланған. Бұл тек республикалық бюджеттен, әлі де жергілікті бюджеттен қаржыландырылады», - дейді ол.

Алматыда қала құрылысын жаңа басшы басқарады
Тоқаев қай қалаларда митинг өткізуге рұқсат берді?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу