Тоқаев: «Шындыққа жанаспайтын ақпарат беріледі»

Oinet.kz 04-09-2024 496

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2 қыркүйекте Парламент палаталарының бірлеске отырысында халыққа Жолдауын арнады. Осылайша елімізде саяси науқанның жаңа кезеңі басталды. Биылғы Жолдау ««Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» деп аталады.  

Screenshot_21.jpg 

– Қазақстан халқы қазір мүлде жаңа саяси жағдайда өмір сүруде. Соңғы 5 жылда ауқымды реформалар жасалды. Еліміздің саяси жүйесі түбегейлі өзгерді. Жұрттың сана-сезімінде бетбұрыс болып жатыр. Халықтың құқықтық мәдениеті артып келеді. Азаматтардың бойында жаңа әдеттер, дағдылар қалыптасып, жаңа құндылықтар орнығуда. Саяси және қоғамдық болмысымыз, менталитетіміз және мәдени кодымыз өзгере бастады. Бір сөзбен айтсақ, Әділетті Қазақстан құрылып жатыр. Мұның бәрі, ең алдымен, халықтың қалауымен жасалуда. Сондықтан біз алған бетімізден қайтпаймыз, бағытымыздан таймаймыз, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Screenshot_19.jpg

Референдум 6 қазанда өтеді

Атом электр стансасын салуға қатысты референдум 6 қазанда өтеді. Жолдауда Президент: 

«Атом электр стансасы туралы референдумға қатысты да дәл солай болуы керек. Былтыр мен бұл мәселе бойынша өз пікірімді айттым, яғни, референдум тақырыбының қоғам талқысына түскеніне бір жыл болды. Бұл азаматтарымыздың жан-жақты ойланып, салмақты шешім қабылдауына жеткілікті мерзім деп ойлаймын. Сондықтан мен Үкіметтің ұсынысын қолдаймын. Атом электр стансасын салу мәселесіне қатысты жалпыұлттық референдум биылғы 6 қазанда өтеді. Бүгін тиісті Жарлыққа қол қоямын. Алдағы референдум кең ауқымды жалпыұлттық диалогтың тағы бір айқын көрінісі болмақ. Шын мәнінде, бұл – «Халық үніне құлақ асатын мемлекетке» тән сипат. Біз осындай қадамдар арқылы жаңа қоғамдық-саяси мәдениеттің негізін қалаймыз. Маңызды мемлекеттік шешімдер қабылдаудың жаңа үлгісін жасаймыз», - деді.

Screenshot_20.jpg

5 млн. мал қағазда ғана болған

 «Агроөнеркәсіп кешенін тікелей субсидиялау тәсілінен арзан несие беру тәсіліне біртіндеп көшу – аса маңызды міндет. Бөлінген қаражаттың бәрі тиімді жұмсалуға тиіс. Алайда шындыққа жанаспайтын ақпарат беру, басқаша айтқанда, мәліметтерді бұрмалау ауыл шаруашылығындағы шынайы ахуалды бағалауға кедергі келтіріп отыр. Арнайы комиссия 2 миллион ірі қара және 3 миллионнан астам уақ мал санда бар, санатта жоқ екенін анықтады. Егін шаруашылығы саласында да осындай жайттар бар екені белгілі болды. Шын мәнінде, мұның бәрі – мемлекеттен субсидия алу үшін жасалған көзбояушылық. Ондай қылмыстық әрекеттерге тосқауыл қою қажет. Ал мұндай іспен айналысқан адамдарды жауапкершілікке тарту керек», - деді Мемлекет басшысы Жолдау.

 Президент жер телімдерін қайтару жөніндегі арнайы комиссияның жұмысына да тоқталды. 

«Бұл мәселе қатысты екіұшты ұстаным болмауы қажет. Заңсыз алынып, пайдаланылмай жатқан жер оңтайландырылған рәсім бойынша мемлекетке қайтарылуға тиіс. Ал жерді пайдаланушы оған инвестиция салып, адал еңбек етіп жатса, жұмысқа бөгет жасамау керек. Сондай-ақ оның ауылды көркейтіп, тұрғындарға тұрақты жұмыс беріп отырғанын да ескерген жөн», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Screenshot_18.jpg


Үкіметтің жұмысында олқылық көп

Жасыратыны жоқ, көпшілік Тоқаевтың былтырғы тәжірибесін ескере отырып, осы Жолдаудан кейін үлкен кадрлық ауыс-түйістер күтті. Тіпті біреулер Бектенов жетекшілік ететін үкіметтің отставкіге кетіп, оның орнына Қанат Бозымбаевтың премьер болатынын да жазып жатты. Алайда әзірге ешқандай өзгеріс жоқ. Бектенов те, Бозымбаев та орнында отыр. 

Дегенмен Жолдауда Президент үкіметтің жұмысына көңілі толмайтынын білдірді. 

– Ашығын айтуымыз керек, бізде республикалық бюджеттің кіріс бөлігі орындалмай жатыр. Бұл – бұрынғы және қазіргі Үкімет жұмысындағы үлкен олқылық. Мұндай жағдай жиі қайталанса, түптеп келгенде, еліміздің дамуын тежейді. Сондықтан оған жол бермеу қажет. Бюджет қаржысын тиімді пайдаланып, оның шығыс бөлігін шектеп, қатаң бақылауда ұстаған жөн. Үкімет Ұлттық Банкпен бірлесіп, осы мәселеге қатысты нақты шаралар қабылдауға тиіс, - деді Мемлекет басшысы.  

Әкім сайлау келесі жылы өтеді
Шымкентте 12 бас дәрігер жауапқа тартылды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу