Әкім сайлау келесі жылы өтеді

Oinet.kz 04-09-2024 408

«Біз сайлау нәтижесін және сайланған әкімдердің жұмысын жан-жақты зерделедік. Соның қорытындысы бойынша түбегейлі шешім қабылдадық. Келесі жылдан бастап жаңа жүйеге біржола көшеміз. Бұдан былай аудан және облыстық маңызы бар қалалардың әкімдері тікелей сайлау арқылы ғана қызметке келеді.

Screenshot_17.jpg

Әкімдердің өкілеттік мерзімі аяқталуына қарай, яғни ротация мерзімі жеткенде сайлау біртіндеп өткізіле береді. Бұл да – саяси жүйені реформалау ісіндегі кезекті маңызды қадам. Саяси реформа – бір реттік науқан емес. Мемлекеттің дамуына қажет болса, реформалар осылай үздіксіз жалғаса береді».

Халыққа арнаған Жолдауында Қасым-Жомарт Тоқаев осылай деді. 

Бұл деген сөз аудан әкімдерін сайлау тәжірибесі осыменен аяқталып, ол қолданысқа енді. Алдын ала жасалған жоспар бойынша биыл да аудан әкімдерін сайлау тәжірибе ретінде өтуі тиіс еді. Президенттің түбегейлі шешім қабылдағанына қарағанда, тәжірибе өзін-өі толық ақтаған сияқты. Бір жағы Ақорда аудан әкімдерінің сайлауын референдуммен жағаластырғысы келмегенге ұқсайды.  

Естеріңізде болса,  бізде аудан әкімдерін тәжірибе ретінде сайлау,  2006 жылы өткен. Ол кезде кімнің әкім болатынын халық емес, мәслихат депутаттары шешкен болатын. Оңтүстік Қазақстан облысында әкім сайлауы жаңылыспасам, Арыс қаласы мен Созақ, Түлкібас, Мақтаарал аудандарында өтті. Оның шуы біразға дейін созылды. Мәслихаттағы депутаттар жік-жікке, топ-топқа бөлініп, ықпалы барлар айтқанға көнбегендердің үстінен қылмыстық іс қозғатуға дейін барған. Оның бәрі, әрине, енді өткен тарих.

Облыста былтыр төрт ауданның (Мақтаарал, Шардара, Созақ, Бәйдібек)  әкімі сайланды. Ол қаншалықты әділ, шынайы өтті? Бұл жағына келгенде бір жақты пікір айту қиын. 

Енді келесі жылдан бастап облыс әкімдері аудан әкімдерін тікелей тағайындай алмайды. Аудан, қала әкімдері қызметіне міндетті түрде сайлау арқылы отырады.    

Қазіргі уақытта бізде аудан әкімдерін облыс әкімі аудандық мәслихат депутаттарының келісімімен тағайындайды. Бұл үрдістің көзбояушылыққа айналғаны да жасырын емес.  Ал енді аудан әкімдерін сайлау  шынайы, әділетті бола ма?  Ол демократияның қағидаларына қаншалықты сәйкес келеді?  Мұны да уақыттың еншісіне қалдырдық. 

Сыздықбековке «сатқындық» жасаған кім? - Жиналыс үстінде ұсталаған шенеунікке үкім шықты
Тоқаев: «Шындыққа жанаспайтын ақпарат беріледі»
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу