Шымкентте 12 бас дәрігер жауапқа тартылды

Oinet.kz 05-09-2024 522

1593773161951.jpg 

Шымкентте 3915 науқас дәрі-дәрмектермен қамтамасыз етілді. Қалалық прокуратура медициналық ұйымдарды тегін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету заңдылығын тексерді. Бұл туралы Шымкент қаласының прокуратурасы хабарлады.

--Тексеру барысында 12 қалалық емханада диспансерлік есепте тұрған 4 мыңға жуық науқас мемлекет кепілдік берген тегін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етілмегені анықталды.
Қадағалау актісі негізінде 3915 науқасқа дәрі-дәрмек берілді, 12 бас дәрігер ҚР ӘҚБтК-нің 426-бабымен (Фармацевтикалық қызметтің және дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласының қағидаларын бұзу) әкімшілік жауаптылыққа тартылып, олардан 2 миллион теңгеден астам айыппұл өндірілді, 108 медицина қызметкері тәртіптік жауаптылыққа тартылды.
Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасуда,-делінген ресми мәліметте.

 


Тоқаев: «Шындыққа жанаспайтын ақпарат беріледі»
Шымкентте аудан әкімі аппаратының басшысы сотталды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу