Ғабит Сыздықбеков: «Енді бағаны ұстап тұруға мүмкіндік жоқ»

Oinet.kz 31-01-2024 596

Қарапайым халық бағаның өсуіне қатысты шешімдерді ұзақ уақыт ұмыта қоймасы анық. Бұл орайда Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков жолаушылар тасымалына қатысты шешімімен де жұрт есінде қалатын болды. Үшінші мегаполисте автобус бағыттарына қатысты мәселе көп екенін айтқан басшы жанар-жағармайдың, қосалқы бөлшектердің қымбаттағанын жеткізді. 

Screenshot_7.jpg

– Биылдан бастап қоғамдық көлікте жүру тарифін көтермекпіз. Бұл мәжбүрлі шара. Дұрыс түсініңіздер. Қазақстан бойынша ең арзан баға бізде. Мысалы, батыста газ арзандау. Барлық шығындарды мемлекет жабуда. Бюджеттен субсидия ретінде көп қаржы бөлінеді. Азырақ көтереміз. Нақты ақшамен емес, «Төлем» карточкасымен төлеңіздер, егер бұрын 70 теңге төлеген болсаңыздар, енді 100 теңге төлейсіздер. 30 теңгеге көп. Дұрыс түсініңіздер. Бағаны ұстап тұруға енді мүмкіндік жоқ, – деді қала әкімі. 

«Отырар» телеарнасынан естіген, ақталғандай райда айтылған, әкімнің сөзін сол күйінде жеткізіп отырмыз. Бағаның қай күннен бастап көтерілетіні әзірге белгісіз. Бағаның өсуіне қатысты қаланың ардагерлері мен жастары Ғабит Сыздықбековпен кездесуде ұсыныс-пікір айтқан-айтпағаны беймәлім. 

Жұмашев білімдегі былықты жоя ала ма? - «Шабақтар» ұсталып, «шортандар» туралы сөз де жоқ
Коммуналдық қызметтер жаппай қымбаттайды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу