Коммуналдық қызметтер жаппай қымбаттайды

Oinet.kz 31-01-2024 489

 77a71c9d5ee4b8099cfc9faebabfb709_1280x720.jpeg

Қазақстанда барлық коммуналдық қызметтерге тариф қымбаттайды. Бұл туралы Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров Үкімет үйінде өткен баспасөз мәслихатында мәлім етті.

«Су бойынша тариф өте төмен. Өткен жылы Батыс Қазақстанға барғанымда бір текше су 44 теңге болған. Әрине, суды тиімсіз пайдалану болады. Егер моншаға барсаңыз, судың ағыл-тегіл төгіліп жатқанын көресіз. Су – ең маңызды ресурс, сондықтан оны үнемдеу керек. Тариф өседі. Қазір су бойынша 200-500 теңге төленеді, мұнда агрессивті түрде көтеруге болады. Әйтпесе, еш үнемдеу болмайды», - деді министр.

Тарифтер жыл сайын түзетіліп отырады, өйткені тарифтік бағдарлама жеті жылға созылады.

«Мұнда бәрі біртіндеп жасалады, халық пен бизнес үйреніп, инфляцияға сәйкес келуі керек. Мердігерлер мен құрылыс ұйымдары физикалық тұрғыдан бәрін жаңарта алуы қажет. Бұл негізінен сумен жабдықтау, су бұру үшін жасалады. Көше жұмыстары секілді маусымдық жұмыстарды қыста жүргізу қиын. Орташа алғанда, кейбір субъектілер мен ТКШ түрлері бойынша тарифтер 10-15% өсуі мүмкін. Белгілі бір шектен асырмауға тырысамыз. Әйтпесе, әлдеқайда жоғары өсім болар еді. Тек инфляцияны ұстап тұру керек», - деді Қуантыров.

 


Ғабит Сыздықбеков: «Енді бағаны ұстап тұруға мүмкіндік жоқ»
Мұхтар Қоқанбаев кінәлі деп танылды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу