Мұхтар Қоқанбаев кінәлі деп танылды
Шымкент қалалық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы Шымкент қаласы бойынша жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының бұрынғы басшысы Мұхтар Қоқанбаевты лауазымдық өкілеттіктерін теріс пайдаланғаны үшін кінәлі деп танып, оған 3,5 жыл мерзімге бас бостандығын шектеу түріндегі жаза тағайындады,-деп хабарлады Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Шымкент қаласы бойынша департаментінің басшысы Дәурен Ерғарин әлеуметтік желідегі парақшасында.
Айта кетейік, мегаполистің әлеуметтік маңызы бар бағыттары бойынша жолаушылар тасымалын субсидиялауға жәрдемдескені үшін ЖШС өкілінен 13 млн теңге алу кезінде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметпен ұсталған Қоқанбаевты бірінші сатыдағы сот ақтаған болатын.