Жетісайдың білім бөлімінен 530 миллион теңге жымқырылған-Прокуратура

Oinet.kz 02-02-2024 780

b222685963eacff6d141d192417c257d_original.592776.jpg 

Түркістан облысының прокуратурасы Жетісай ауданының білім бөлімі  бухгалтерлеріне қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады. Бұл туралы Түркістан облысының прокуратурасы хабарлады.

-Тергеу барысында аталған мекеменің бухгалтерлері 2021-2023 жылдар аралығында алдын-ала сөз байласқан адамдар тобы болып, мектеп қызметкерлерінің анкеталық мәліметтерін өзгерту арқылы жалақыға бөлінген мемлекет ақшаларын аса ірі мөлшерде жымқырғандары анықталды. Қазіргі таңның өзінде келтірілген залалдың соммасы 530 миллион теңгені құраған. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру басқармасымен 3 күдікті тұлға уақытша ұстау изоляторына қамалып, сот санкциясымен екі айға қамауға алынды.
Аталған қылмысқа басқа да тұлғалардың қатыстылығын анықтауға бағытталған тергеу әрекеттері жүргізілуде. Өзге ақпараттар ҚПК 201-бабының талаптарына сәйкес жария етуге жатпайды,-делінген аталған органның таратқан ресми ақпаратында.

Айта кетері, бұған дейін осыған ұқсас жағдайлар Сарыағаш, Шардара, Келес, Мақтарал мен Бәйдібек аудандарында анықталған болатын.  


Мұхтар Қоқанбаев кінәлі деп танылды
Ыстамбұлдағы теракт, Израильдің Дамаскіге шабуылы, Путиннің қайта билікке келуі: Әлем жаңалықтары
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу