АҚШ пен Ұлыбритания әуе шабуылдарының жаңа сериясын бастады

Oinet.kz 23-01-2024 370

АҚШ пен Ұлыбритания Йемендегі сегіз нысанаға бірлескен әуе шабуылдарының жаңа сериясын бастады, деп жазды ВВС. Соққылар жерасты қоймасы мен хуситтердің «зымыран және барлау жүйесіне» бағытталған.

Screenshot_7.jpg

Йемендік ақпарат құралдарының хабарлауынша, соққылар ел астанасы Санамен қатар, елдің басқа аймақтарына да жасалды. Иранның қолдауындағы хуситтер Қызыл теңіз арқылы өтетін негізгі сауда жолы бойындағы Израильмен байланысы бар кемелерді нысанаға алды. Бұл – АҚШ-тың Йеменге сегізінші рет соққы беруі, ал Ұлыбританиямен екінші бірлескен операциясы.

Йемендік хуситтердің Қызыл теңіздегі жүк кемелеріне жасаған шабуылы толастар емес. Сол себепті әлемнің ірі жүк тасымалдау компаниялары бұл аймаққа бас сұқпай, айналма жол арқылы өтуге мәжбүр. Ал мұның салдары жаһандық экономикаға кері әсерін тигізіп отыр. Осының алдын алу үшін АҚШ бастаған коалиция хуситтерге қарсы әскери операция бастады. Йемендік көтерілісшілердің кемелерді атқылауына не себеп? Одан әлем экономикасына келер қауіп қандай? Мұндағы мақсат – Палестинаға қолдау көрсету. Яғни, теңіз блокадасы арқылы Америка мен Израильге геосаяси тұрғыдан қысым көрсету. 

Әлем экономикасы тұрақты дамуы үшін сауда-саттық бір сәтке де тоқтамауы тиіс. Бүгінде халықаралық алыс-берістің шамамен 80%-і теңіз жолдары арқылы жүзеге асады. Сондықтан кемелердің шығыны аз болып, порттарға жылдам жетуі өте маңызды. Экономистердің мәлімдеуінше, қақтығыстың кесірі қазір барлық кемелерге тиіп жатыр. Жүк кемелері Суэц каналына өте алмауда. Сондықтан оңтүстік Африканы айналып өтуге мәжбүр. Ал бұл – уақыт жағынан да, қаржы жағынан да үлкен шығын. Экономистер оның әсері қарапайым халыққа да тиері сөзсіз екенін айтып дабыл қағуда.

Өз кезегінде БҰҰ-ның Қауіпсіздік кеңесі Қызыл теңіздегі оқиғаларға қатысты қарар қабылдады. Аталған ұйым хуситтерден шабуылдарды дереу доғаруды талап етіп отыр. Құжатта хуситтердің іс-әрекеті қатаң сынға алынды.

Президенттің Шымкенттегі резиденциясы - Оның ендігі тағдыры не болады? (ВИДЕО)
Мемлекеттік наградаларды қайталайтын қоғамдық марапаттар жиілеп кетті-Ерлан Қарин
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу