Мемлекеттік наградаларды қайталайтын қоғамдық марапаттар жиілеп кетті-Ерлан Қарин

Oinet.kz 23-01-2024 279

310fad10-cda1-4e1c-a8cf-0a867a73d8b8.jpg 

-Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қариннің төрағалығымен Мемлекеттік рәміздер мен ведомстволық және оларға теңестірілген өзге де наградалар геральдикасы мәселелері жөніндегі республикалық комиссияның кезекті отырысы өтті,- деп хабарлайды Ақорда. 

Комиссия жұмысына Парламент депутаттары, орталық және жергілікті атқарушы органдардың басшылары, белгілі қоғам қайраткерлері және ғалымдар қатысты.

Жиында Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваның мемлекеттік рәміздерді насихаттау мен қолдану бағытында атқарған жұмыстардың жай-күйі және қолданыстағы заңнамалық нормаларға сәйкестендіру үшін мемлекеттік органдардың кейбір ведомстволық наградаларына өзгеріс енгізу туралы ұсынысы тыңдалды.

Мемлекеттік комиссия отырысында Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің, Төтенше жағдайлар, Өнеркәсіп және құрылыс министрліктерінің, Мемлекеттік күзет қызметінің ұсынған ведомстволық наградалары бойынша оң шешім қабылданды. Сонымен қатар кейбір мемлекеттік органдар ұсынған ведомстволық наградаларға қатысты ескертулер айтылды.

Ерлан Қарин уәкілетті органға өңірлік нышандарды әзірлеу мен бекіту жүйесін ретке келтіру бойынша үлгілік қағида және Мемлекеттік рәміздердің қолданылуы мен насихатталуын одан әрі арттыруға бағытталған кешенді жоспар әзірлеп, оларды Үкімет арқылы бекіту қажет екенін атап өтті.

«Соңғы уақытта жекелеген азаматтар мен қоғамдық ұйымдар тарапынан мемлекеттік наградалардың атын, кескінін, кейбір элементтерін қайталайтын қоғамдық марапаттар тапсыру жағдайларының жиілеп кеткеніне және осындай әрекеттерге құқықтық негізде тосқауыл қою керек» — деді Мемлекеттік кеңесші.  

Осыған орай, Мәдениет және ақпарат, Әділет министрліктеріне тиісті тапсырмалар берілді.

Сонымен қатар Комиссия отырысының қорытындысы бойынша орталық мемлекеттік органдар мен жергілікті әкімдіктерге бірқатар хаттамалық тапсырма жүктелді.

 


АҚШ пен Ұлыбритания әуе шабуылдарының жаңа сериясын бастады
Мырзахметовке Әлтаевты ұстап беру не үшін қажет болды?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу