Тимур Құлыбаев олимпиада комитетін көгерткен жоқ

Oinet.kz 23-01-2024 355

«Қазақстан Ұлттық Олимпиада комитетінің президенті қызметіне Тимур Құлыбаев келгеннен бері елдің спорттық жетістіктеріміз құлдырай бастады. Мысалы, Токиодағы соңғы жазғы Олимпиада ойындарында біздің спортшылар бірде-бір «алтын» немесе «күміс» медаль алған жоқ, тек 8 қола медальмен қайтты. 

Screenshot_2.jpg

Ал медальдық есепте біздің еліміз 83 орынға бір-ақ түсті! 1994 жылдан 2014 жылға дейінгі Жазғы Азия ойындарында қазақстандық спортшылар тұрақты түрде 4-5 орын алып келген еді. 2018 жылы біз 9-шы орынға, ал 2023 жылы 11-ші орынға түстік! Шамамен, Парижде де осының кебін киюіміз әбден мүмкін. Тимур Құлыбаев келгелі Ұлттық Олимпиада комитетінің басшылығына кілең «Ескі Қазақстанның» өкілдері іріктеліп алынды. Оның ішінде, бір-біріне айнымас құда-жекжаттар мен миллиардер күйеудің олигарх-достары өріп жүр».

Мәжіліс депутаттары Ермұрат Бапи мен Абзал Құспан премьер-министр Әлихан Смайыловтың атына жолдаған депутаттық сауалында осылай деді. Депутаттардың ойынша, «Әділетті Қазақстан» Олимпиада комитетіне әлі жеткен жоқ. Осыларды алға тартқан халық қалаулылары Париждегі Олимпиада алдындағы лицензиялық спорттық турнирлерге бай-бағыландардың өкілін емес, ауылдан шыққан, көкірегінде намысы бар патриот, кәсіби спортшыларды апару қажеттігін,  спорт саласындағы жемқорлық пен сыбайластық, таныс-тамырлықты түбімен жоюды, Ұлттық Олимпиада Комитетінің басшылық құрамына ревизия жасап, оларды тек жас, Жаңа Қазақстан өкілдерімен жасақтау керектігін жазыпты. 

Тимур Құлыбаев Ұлттық олимпиада комитетіне 2015 жылдан бері жетекшілік етеді. 

Ислам Әбішев: «Мемлекеттік қызметке Сапарбаевтан ұялғанымнан келдім»
Президенттің Шымкенттегі резиденциясы - Оның ендігі тағдыры не болады? (ВИДЕО)
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу